Шымкентте 90 жастағы қария КВИ-ге қарсы вакцина салдырды

23 Сәуір 2021, 21:45
1508
Бөлісу:
Шымкентте 90 жастағы қария КВИ-ге қарсы вакцина салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының 90 жастағы тұрғыны Қуаныш Абдурахманов өз еркімен жергілікті тіркелген емханасына келіп, ковидке қарсы вакцина салдырды.      

Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады

Бір ғасырға жуық өмір сүрген қария - Шымкент қаласының құрметті азаматы. Әлемде болып жатқан жағдайдан күнделікті хабардар болып отырған қарт кісі вакцина қабылдауды жөн көрген.

Екпеден алдын Қуаныш қарияны дәрігерлер тексеруден өткізген. Қарсы көрсетілімдер болмағандықтан, Спутник- V вакцинасының І компонентін салып берді. 

Ойлана келе өз еркімен ковидке қарсы вакцинаны салдырттым. Осылайша біз вирусты жеңеміз. Көпшілікке айтарым, вакцинадан қорқудың қажеті жоқ. Екпені салдырту қажет деп ойлаймын, - дейді Қуаныш қария.
Шымкентте 90 жастағы қария КВИ-ге қарсы вакцина салдырды

Айта кетейік, Қуаныш қарияның отбасы мүшелерінің барлығы ковидке қарсы вакцина салдырған. 

Бүгін, 23 сәуір күні екпенің бірінші компонеттін салдырған қария арада 21 күннен кейін вакцинаның екінші компоненттін қабылдауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы