Шымкентте 350-ге жуық жаяу жүргіншіге айыпппұл салынды

1 Сәуір 2023, 08:22
995
Бөлісу:
Шымкентте 350-ге жуық жаяу жүргіншіге айыпппұл салынды
Фото: atpress.kz

Шымкентте жыл басынан бері жол ережесін бұзған 350-ге жуық жаяу жүргіншіге айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы жаяу жүргіншілер жолағынан емес, жолдың кез келген бөлігінен кесіп өткен 348 азаматты анықтап, заңға сәйкес әкімшілік хаттама толтырды.

Аталған жаяу жүргіншілер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 615-бабымен жауапкершілікке тартылды. Заңнамаға сәйкес бұл құқықбұзушылық 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуға әкеп соғады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы