Шымкентте 20 млн теңгеге жуық қарызы бар жүргізуші әйел анықталды

5 Шілде 2023, 19:53
3442
Бөлісу:
Шымкентте 20 млн теңгеге жуық қарызы бар жүргізуші әйел анықталды
Фото: polisia.kz

Шымкентте “Қорғау” қосымшасы 20 млн теңгеге жуық қарызы бар жүргізуші ханымды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

“Қорғау” бағдарламасы арқылы қалалық ПД жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген қарыздары бар көлік жүргізушісі туралы сигнал алды. BMW көлік иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша 20 млн теңгеге жуық берешегі бар екендігі анықталды. 

Тамерлан тас жолында тұрған көлікті ұстау үшін патрульдік полиция қызметкерлері мен сот орындаушылары жіберілді. Төлеуден жалтарған әйелге оған борыштарын өтеу туралы ескертілді. Темір тұлпар айыптұраққа қамалды. Азамат оны қарыздарын толық төлеген соң ғана қайтарып алады. 

Айта кетейік, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында “Қорғау” қосымшасы жалған нөмірлер, өтелмеген қарызы бар азаматтар мен басқа да заң бұзушылықтарға жиі жол беретін қауіпті жүргізушілерді анықтайды.

Өзгелердің жаңалығы