Шымкентте 178 мың теңге пара алған полиция қызметкері ұсталды

3 Мамыр 2022, 19:28
2022
Бөлісу:
Шымкентте 178 мың теңге пара алған полиция қызметкері ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Антикор және ІІМ полиция қатарындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтауды жалғастыруда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шымкент қаласы бойынша  департаменті Агенттік пен Ішкі істер министрлігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, қызмет бабындағы қамқорлығы үшін қарамағындағы қызметкерлерден 178 мың теңге мөлшерінде жеке-дара пара алғаны үшін Шымкент қаласы жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкінің 4-ротасының командирі полиция майоры К. Әлімхановты ұстады, - делінген хабарламада. 

Әлімхановтың өз қызметкерлерінен жалпы қамқорлығы үшін полк басшылығына 2021 жылдың мамырынан 2022 жылдың сәуіріне дейін ай сайын пара алудың қосымша фактілері анықталды.

Әлімхановтың автокөлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпай рота инспекторларымен алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобынан 130 мың теңге сомасында пара алған фактілері тіркелді.

Сондай-ақ Әлімхановтың заңда көзделген демалыс күндерін бергені үшін қол астындағылардан 2 мың теңге мөлшерінде жүйелі түрде пара алғаны анықталды.

Әлімхановқа қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Тергеу жалғасуда.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ІІМ-нің сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және жолын кесу жөніндегі бірлескен жұмысы жалғасатын болады.

 

Өзгелердің жаңалығы