Шымкентке келген Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев екпе салдырды

25 Тамыз 2021, 19:34
7740
Бөлісу:
Шымкентке келген Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев екпе салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықтың сүйікті әншісі Ерке Есмахан мен 91 тобының экс-солисі Азамат Зенкаев ковидке қарсы вакцина салдырды. 

Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Шымкентке келген Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев екпе салдырды

Жұлдызды жұп екпе салдыру үшін  Шымкент қаласындағы №3 емханаға келген. Алдымен ерлі-зайыптылар емханада дәрігерлердің тексеруінен өтіп, қарсы көрсетілімдері жоқ болған соң Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын салдырған. 

Шымкентке келген Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев екпе салдырды

Шым қалада, осы емханада вакцина салдырамын деген үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. Бірақ бұйырғаны болады, - дейді вакцина салдырған Ерке Есмахан. 

Сақтықта қорлық жоқ дегенді ұстанатын Ерке Есмахан медициналық масканы тастамайтынын да айтып өтті. Сондай-ақ қауіпті инфекциядан қорғану үшін қазақстандықтарды екпе салдыртуға шақырды. 


Өзгелердің жаңалығы