Шымкентке келетін туристерге 27 турмаршрут ұсынылады

30 Маусым 2022, 14:17
1759
Бөлісу:
Шымкентке келетін туристерге 27 турмаршрут ұсынылады
PHOTO
Фото: автордан

Шымкент, BAQ. KZ тілшісі. Бүгін Шымкентте ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың тұрғындармен кездесуі өтті. 

Жастар ресурстық орталығында өткен кездесуде министр Дәурен Абаев Шымкентте талантты аниматорлар шоғыра бар екенін айтып, оларды министрлік жанынан «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің жобаларына қатысуға шақырды. 

Биыл министрлік «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігін құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Аталған бірлестік биыл 10 пилот жобаны көрерменге ұсынуды жоспарлап отыр. Шымкентте анимацияға қатысты талантты жігіттер бар. Бәріңізді Қазақ анимациямен жұмыс істеуге шақырамын, - деді министр Дәурен Абаев.

Оның айтуынша, тілдік ортаны қалыптастыру үшін биыл рейтингі жоғары анимациялық фильмдер мен кинокартиналарды дубляж жасауға мемлекеттен қаржы бөлініп отыр екен. Осылайша бұл қолдау белгілі кинокартиналарды қазақ тілінде сөйлеуге ықпал етеді. 

Сондай-ақ, екі үлкен мерейтой күн тәртібінде тұр.

Биыл қазақ операсының жарық жұлдызы — Роза Бағланованың туғанына 100 жыл. Осыған орай жалпы республикалық жоспар әзірленіп, оған өңірлерде өтетін 1600-ге жуық іс-шара енгізілген. Бұл мерейтой ЮНЕСКО-ның 2022 жылға арналған Атаулы күндер күнтізбесіне енгізіліп, қазан айында Париж қаласында ЮНЕСКО штаб-пәтерінде мерейтойлық концерт жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ұлы жазушы, драматург, ғалым Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толды. Үкімет жалпыреспубликалық жоспарда барлық іс-шараны бекітті. Соның аясында 86 іс-шара өткізу жоспарланып отыр, - дейді министр. 

Шымкентке келетін туристерге 27 турмаршрут ұсынылады

Дәурен Абаевтың сөзінше, Шымкенттің туризм саласын дамыту әлеуеті үлкен екен.

Жалпы алғанда Шымкент қаласына келетін туристердің өңірмен таныстыру мақсатында туристік қауымдастықпен бірлесе отырып, барлығы 27 турмаршрут ұсынылған. Қала бойынша 17, Түркістан облысымен бірлескен 10 маршрут. Аталған маршруттар тарихи-мәдени, экологиялық-экстремалды, қалалық демалыс, өндірістік сияқты бағыттарды қамтиды. Оңтүстік киелі орындарға бай өңір. Мұндай жерге тәу етіп келушілер көп. Туристік әлеуеті де жоғары. Бұл ретте Шымкент қаласының Сайрам өлкесін ерекше атап өткен жөн. Сонымен қатар, Қожа Ахмет Яссауидің әкесі Ибраһим ата мен анасы Қарашаш Ана кесенелерінің аумағын қалпына келтіру бойынша эскиз жоба әзірленіп, заманауи талапқа сай жол сілтегіштер мен стенд аркалар қойылып жатыр, — деді ол. 

Жалпы Шымкентке демалуға келетін туристер саны жыл сайын артып келеді екен.. Биыл соңғы 3 айда қалаға 97 мыңға жуық турист келіпті. 

Туризм саласын дамыту арқылы өңір халқын тұрақты және уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге болады. Жыл соңына дейін 7 ауқымды жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Мұның барлығы бизнестің белсенділігіне әсер етеді. Биыл 25 мың жұмыс орнын құру жоспарланған, — дейді министр. 

Шымкентке келетін туристерге 27 турмаршрут ұсынылады

Сондай-ақ, ұлттық мұраларымызда кеңінен таныстыру мақсатында елімізде бірнеше визит орталық жұмыс істейді. Тағы бірнеше визит орталық салынып жатыр. Олардың басым бөлігі Оңтүстікте орналасқан. Атап айтқанда, Гауһар ана, Ордабасы және Сауран орталықтарын атап өтуге болады. Нәтижесінде, туристер саны 35%-ға артады.

Егер Шымкентте туризм саласына байланысты қонақжай салсаңыз, біз мемлекет тарапынан 10% шығынын қайтарып береміз. Шымкент қаласында орналасқан туризм объектілеріне басқа жақтан келетін балалар болса, арнайы бағдарлама аясында балалардың 100% төлемақысын қайтарып бере аламыз. Мысалы, Шымкент қаласы төңірегінде, тау-шаңғы курортына курорт инвестор саламын деген инвесторларға 25%-ын қайтарып береміз, — деді Дәурен Абаев. 

Министрлі елдегі спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2025 жылға дейін арнайы жоспар тізім бекіткен. Бұл тізімге 113 жаңа нысан салу, 21-ін қайта жаңарту-жаңғырту және алты нысанды қоса жарықтандыру сияқты негізгі пунктер кіреді.

Шымкентке келетін туристерге 27 турмаршрут ұсынылады

Министр Дәурен Абаевтың шымкенттіктермен кездесуі сұрақ-жауап форматына жалғасып, министр Шымкенттегі туризм, мәдениет, спорт салалары бойынша сұрақтарға жауап берді. Жиынды Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов жүргізді.

Өзгелердің жаңалығы