Шымкент қаласының Балалар жылына арналған жоспарын әлі күнге дейін көрген жоқпыз – депутат

3 Мамыр 2022, 15:06
1754
Бөлісу:
Шымкент қаласының Балалар жылына арналған жоспарын әлі күнге дейін көрген жоқпыз – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. AMANAT партиясының баспасөз орталығында өткен жиында Парламент Мәжілісі депутаты Елнұр Бейсенбаев Балалар жылы аясында іс-шаралар дұрыс өткізілмей жатқанын айтты.

Балалар жылының бесінші айы басталды. Осыған қатысты кеңестің отырысы өтті. Жергілікті әкімдіктердің ақпараттары бойынша баяндама жасаған болатынмын. Мысалы, Қостанай облысында алдыңғы жылдан қалған іс-шараларға «Балалар жылы аясында» деген сөздерді қосу арқылы бұрынғы іс-шараларды ұсынған. Шымкент қаласының Балалар жылына арналған нақты жоспарын әлі күнге дейін көрген жоқпыз, - дейді депутат.

Бейсенбаев атап өткендей, атаулы жылға қатысты Президент жылдың басында тапсырма берген болатын. 

Президент Балалар жылы жалаң ұран іс-шаралармен шектелмей, бала өз деңгейінде көруі қажет іс-шаралар өткізу қажеттігін тапсырған болатын. Осы ретте 39-пункті арнайы айтқым келіп отыр. Ол жерде «Жаңа мектептердің салтанатты ашылу рәсімі» деп қойған. Жалпы Балалар жылы тек Білім және ғылым министрлігінің ғана жылы емес, ол барлық Үкіметтің жылы. Бүгін күліп өскен бала, ертең осы елдің болашағы үшін аянбай еңбек етеді, - деп толықтырды Мәжіліс депутаты.

Өзгелердің жаңалығы