Шымкент гарнизонында салтанатты іс-шара өтті

13 Қазан 2020, 15:10
1310
Бөлісу:
Шымкент гарнизонында салтанатты іс-шара өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың күзінде шақырылып, әскери қызмет мерзімін өткерген 70 әскери қызметші үшін Шымкент гарнизонындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімінде Жауынгерлік тумен және жеке құраммен қоштасуға арналған салтанатты іс-шара өтті. 


Сіздердің әрқайсыларыңыз кез келген уақытта Отанды қорғауға дайын болатын азамат болғандарыңызға сенімдімін. Мен үйлеріне қайтайын деп жатқан барлық сарбазға, олармен бірге бір жыл бойы болған барлық офицер мен сержантқа алғысымды білдіргім келеді. Ата-аналарыңызға нағыз Отан қорғаушыларды тәрбиелегені үшін ризашылығымды білдіремін, - деп атап өтті подполковник Нүркен Қарағұлов.

Үлгілі әскери тәртіп, жауынгерлік даярлықта көрсеткен үздік нәтижелері үшін, үздік әскери қызметшілер алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды. 

Салтанатты іс-шараның соңында запасқа шығарушылар алдында әскери бөлімнің жеке құрамы саптық плац алаңында салтанатты шерумен өтті.


Өзгелердің жаңалығы