Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰҚК-нің ресми сайтына сілтеме жасап.
2023 жылғы 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Прокуратураның үйлестіруімен жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховты ұстады, - делінген хабарламада.
Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.