Шымкентке бөлінген қаржының 80 пайызы игерілген

6 Қазан 2020, 19:13
1604
Бөлісу:
Шымкентке бөлінген қаржының 80 пайызы игерілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 9 ай ішіндегі Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы мәлімет берілді.

Шымкентке бөлінген қаржының 80 пайызы игерілген

Мемлекет басшысына қала инфрақұрылымының қалыптасуы, бөлшек сауданың даму барысы, Жұмыспен қамту жол картасы аясында қалада жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде баяндалды. Қала әкімінің айтуынша, 226 жобаға 45,3 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлініп, оның 80 пайызы игерілді. Сонымен қатар Шымкент қаласы бойынша коронавирус пандемиясының ықтимал екінші толқынына қарсы бірқатар дайындық шаралары қабылданған.

Президент қаладағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, шаһарға инвестиция тарту ісін, қолжетімді көп қабатты тұрғын үй құрылысын одан әрі жандандыруды және жаңа жұмыс орындарын көптеп ашуды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы