Шымбұлаққа кіріп-шығу шектеледі

10 Наурыз 2023, 17:13
919
Бөлісу:
Шымбұлаққа кіріп-шығу шектеледі
Фото: ainews.kz

«Шымбұлақ» тау-шаңғысы курортының аумағына кіру, 1 сәуірден бастап шектеледі. Табиғатты қорғау мақсатында енді тек электромобильмен кіре аласыз, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қолданылған шаралар көліктен шығатын ластағыш заттардың көлемін азайта отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақта қоршаған ортаға тигізетін кері  әсерді төмендетуге мүмкіндік беретін болады. Еске сала кетейік, бұған дейін сол жердің тұрғылықты тұрғындары мен жекеменшік иелеріне қозғалтқыш типіне қарамастан «Шымбұлақ» ТК аумағына кіруге рұқсат етіледі. 2023 жылдың 1 қыркүйектен бастап «Медеу» МАТП аумағында орналасқан кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғаларға тиесілі және (немесе) соларға қызмет көрсететін көліктерге шектеу күшіне енеді. Осы орайда шағын және орта бизнес субъектілеріне электр қозғалтқышты көлік сатып алу үшін «Алматы» ӘКК» АҚ қарасты «Алматы» МҚҰ» арқылы 7 жылға дейінгі мерзімге 6% жылдық мөлшерлемемен 30 млн-ға дейін кепілді жеңілдетілген несие алу мүмкіндігі беріледі, – деді Алматы қаласының әкімдігі. 

Алматы қаласының әкімдігі 2016 жылғы 8 сәуірдегі №2/122 «Алматы қаласының кейбір аумақтарына көліктің кіруін шектеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер 2023 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді. 

Сарапшылардың пікірінше, табиғатты қорғау мақсатында электромобильмен жүру қалада қалыпты жағдайға айналуы қажет. 

Өзгелердің жаңалығы