Шымбұлақта жасөспірімді соққыға жыққан адам ұсталды

23 Наурыз 2021, 18:55
1980
Бөлісу:
Шымбұлақта жасөспірімді соққыға жыққан адам ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. «Шымбұлақ» тау курортында орналасқан қонақ үйдің бірінде жасөспірімді ұрып-соққан. Бұл туралы зардап шегушінің әпкесі әлеуметтік желіде жазды. 

Алматы тұрғыны Instagram-дағы парақшасында он төрт жасар інісін ер адам ұрып тастағаны туралы жазды. 

Баланың айтуынша, ол дәмханаға шай алуға барған. Ортада көңіл көтеріп, билеп жүрген ересек ер адамдар оны қолынан тартып билеуге шақырған. Алайда, інім билеуден бас тартқан. Нәтижиесінде оны соққыға жықты, - деп жазды желі қолданушы. 

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі патрульдік полиция мен жедел-тергеу тобы оқиға орнына барғанын хабарлады. 

Жасөспірімді ұрды деген күдікпен 1983 жылы туған А.Ж.Мәдиев есімді азамат ұсталып, ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 

Жасөспірімге алған жарақаттарының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен бірге саунада демалған адамдарға карантин нормаларын бұзу фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 425-бабына сәйкес әкімшілік материал ресімделіп, СЭС-ке жіберілді, - дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Өзгелердің жаңалығы