Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Ағаштар бүршік жарып, қызғалдақтар сабағын шығарып, раушандар жапырақ атып, көк шөп біткен күнге шағылысып, жердің шаңы көтеріліп, сәл қалың киінгені терлеп-тепшіген мекен. Шымкенттің күнтізбедегі 1 наурызы осы. Әйтпесе, Шымкенттің көктемі күнтізбеге бағынбайтын-ды.
Сонымен көктемнің алғашқы күні Шымкент саябақтары мен көшелерінен қалай көрінетінін тыстағы жұртшылықтың назарына ұсынамыз.
Сапарымызды Шымкент Арбатынан бастаймыз.
![Сапарымызды Шымкент Арбатынан бастаймыз](/userfiles/upload/medialibrary/e70/e70ad337a3cab43c130b3f05c8949970.jpg)
Қысы аяқталмастан көктемі басталатын Шымкентте ақпанның аз күні де таусылғанын 1 наурыз - Алғыс айту күніне таралып жатқан түрлі whatsapp-құттықтаулар еске салды.
![Қысы аяқталмастан көктемі басталатын Шымкентте ақпанның аз күні де таусылғанын 1 наурыз - Алғыс айту күніне таралып жатқан түрлі whatsapp-құттықтаулар еске салды.](/userfiles/upload/medialibrary/e9a/e9a5dd9e90cf634bd04a877d1fb75c3d.jpg)
Қалың киімді күн райына емес, «қысқы маусым ғой» деп киетін шымкенттіктер үйден шығарда киген күртешесін сағат 11 болмай қолына алатын. Мұны Шымкент арбатының ерсілі-қарсылы жүрген қыз-жігіттерінен байқадық.
![Қалың киімді күн райына емес](/userfiles/upload/medialibrary/ff3/ff30754b07f21c3d7523c991d2ddc65a.jpg)
Тіпті кейбірі күртешесін қолына алуды ауырсынып, орындықта қалдырғанды құп көріпті.
![Тіпті кейбірі күртешесін қолына алуды ауырсынып, орындықта қалдырғанды құп көріпті.](/userfiles/upload/medialibrary/20e/20e5f1c1eb6275c856fab8a9ffce2d55.jpg)
Арбат ішіндегі қылқанжапырақтылардың діңдерінің арасында түсірілген фотосуреттердің жақсы шығатынын білетін қос ару.
![Арбат ішіндегі қылқанжапырақтылардың діңдерінің арасында түсірілген фотосуреттердің жақсы шығатынын білетін қос ару.](/userfiles/upload/medialibrary/b69/b69e39d6ff303a0bfbb96bf8cc8318ef.jpg)
![Арбат ішіндегі қылқанжапырақтылардың діңдерінің арасында түсірілген фотосуреттердің жақсы шығатынын білетін қос ару.](/userfiles/upload/medialibrary/99c/99cf22138f83fd9d57e36bffdf144f73.jpg)
Бірі жеңі жоқ көйлегімен-ақ жүр. «Шымкенттің күні жылы, тіпті ыстық екенін сөзбен жеткізгенше жеңіл киінген қалпымда көрсете салайын» десе керек.
![Бірі жеңі жоқ көйлегімен-ақ жүр. «Шымкенттің күні жылы, тіпті ыстық екенін сөзбен жеткізгенше жеңіл киінген қалпымда көрсете салайын» десе керек.](/userfiles/upload/medialibrary/c9c/c9c363baddf36bffad72880cc80846c2.jpg)
![Бірі жеңі жоқ көйлегімен-ақ жүр. «Шымкенттің күні жылы, тіпті ыстық екенін сөзбен жеткізгенше жеңіл киінген қалпымда көрсете салайын» десе керек.](/userfiles/upload/medialibrary/a4a/a4aa1483a2281970767b19229dc1cb84.jpg)
Мұнда бәрі жаймашуақ. Отырыс та, тұрыс та, жүріс те. Бәлкім, әңгіме де.
![Мұнда бәрі жаймашуақ. Отырыс та, тұрыс та, жүріс те. Бәлкім, әңгіме де.](/userfiles/upload/medialibrary/c08/c0860b19d1f8a1dc59797c8d9bb2fb8d.jpg)
![Мұнда бәрі жаймашуақ. Отырыс та, тұрыс та, жүріс те. Бәлкім, әңгіме де.](/userfiles/upload/medialibrary/42c/42c152eb04406b9c15a4f946d6aa6fce.jpg)
![Мұнда бәрі жаймашуақ. Отырыс та, тұрыс та, жүріс те. Бәлкім, әңгіме де.](/userfiles/upload/medialibrary/056/056af10be80b3996d2e2c4f0656e68d4.jpg)
![Мұнда бәрі жаймашуақ. Отырыс та, тұрыс та, жүріс те. Бәлкім, әңгіме де.](/userfiles/upload/medialibrary/15b/15b9e806c25aa7d476cdbb0e65011de3.jpg)
![Мұнда бәрі жаймашуақ. Отырыс та, тұрыс та, жүріс те. Бәлкім, әңгіме де.](/userfiles/upload/medialibrary/0d6/0d6b6604672e1d95b91814b87645f3d7.jpg)
![Мұнда бәрі жаймашуақ. Отырыс та, тұрыс та, жүріс те. Бәлкім, әңгіме де.](/userfiles/upload/medialibrary/e5f/e5fe209a4acf60bb447f787fcd06a210.jpg)
![Мұнда бәрі жаймашуақ. Отырыс та, тұрыс та, жүріс те. Бәлкім, әңгіме де.](/userfiles/upload/medialibrary/132/132da753be19fee765af19b9b24943de.jpg)
![Мұнда бәрі жаймашуақ. Отырыс та, тұрыс та, жүріс те. Бәлкім, әңгіме де.](/userfiles/upload/medialibrary/361/361db53b06455e2031edb07c5129c3cc.jpg)
Бәрі жасыл.
![Бәрі жасыл.](/userfiles/upload/medialibrary/50b/50b7694727e42a283404a82a36a4b65d.jpg)
![Бәрі жасыл.](/userfiles/upload/medialibrary/018/0185440c2965e1ca7e108b1ad6c2a3f5.jpg)
![Бәрі жасыл.](/userfiles/upload/medialibrary/995/99520b557c473061341addbdd3c1e822.jpg)
Мына фонтандардың су шашқанын көрген аз, тіпті жоқ. Қосып қояр ма еді, қыс мезгілі екенін күнтізбеден көріп, «қысы - қыс облыстардан ұятты, қоя тұралық» деген болар. Әзірге өшірулі тұр.
![Мына фонтандардың су шашқанын көрген аз, тіпті жоқ. Қосып қояр ма еді, қыс мезгілі екенін күнтізбеден көріп, «қысы - қыс облыстардан ұятты, қоя тұралық» деген болар. Әзірге өшірулі тұр.](/userfiles/upload/medialibrary/ea5/ea597a3f5ec786cf7a16986d49192b62.jpg)
Арбатта мұндай фонтандардың тоғызы орнатылған.
![Арбатта мұндай фонтандардың тоғызы орнатылған.](/userfiles/upload/medialibrary/966/9665624b5eb9e166f466755844879f52.jpg)
Үш аймаққа үшеу-үшеуден бөліп қойылған. Мамыр жетпей, маусымды күтпей қосылып қалар.
![Үш аймаққа үшеу-үшеуден бөліп қойылған. Мамыр жетпей, маусымды күтпей қосылып қалар.](/userfiles/upload/medialibrary/aac/aaccad39fbbf44b14b0c6c5c46c50af5.jpg)
Шымкенттің жазы көктем ортасынан басталып кететіні бар. Шымкенттің көктемі тұрмақ қысы да құрғақ. Шаңы әрдайым көтеріліп жатады.
![Шымкенттің жазы көктем ортасынан басталып кететіні бар. Шымкенттің көктемі тұрмақ қысы да құрғақ. Шаңы әрдайым көтеріліп жатады.](/userfiles/upload/medialibrary/77b/77be98eb8f3459d41655900549b5a4fd.jpg)
Арбаттағы тазалықтың кепіліне айналған фотодағы кісінің бір міндеті – әр күні фонтан табаны мен жақтауларының шаңын сүрту.
![Ұялды ма, жүзін көрсетіп фотоға түспеді. Айтуынша, осы ісін күнде қайталайды. Өйткені, шаң қонып қалады.](/userfiles/upload/medialibrary/536/536951a8f9a2e613dbd7a23f0b8bd318.jpg)
Ұялды ма, жүзін көрсетіп фотоға түспеді. Айтуынша, осы ісін күнде қайталайды. Өйткені, шаң қонып қалады.
![Арбат тазалығына жауапты тағы бір жұмысшының және күндегі міндеті орындықтарды шаң-тозаңнан тазарту. Қысы да көктемі де шаңданып жататын Шымкенттің күндерінің бір кейпі осы.](/userfiles/upload/medialibrary/3b7/3b7e04d7780ae4c06ff471fa4591277f.jpg)
Арбат тазалығына жауапты тағы бір жұмысшының және күндегі міндеті орындықтарды шаң-тозаңнан тазарту. Қысы да көктемі де шаңданып жататын Шымкенттің күндерінің бір кейпі осы.
Шымкент Арбатының екі қақпасы бар. Бір қақпасы Республика даңғылынан, енді бір қақпасы Әл-Фараби алаңынан басталып жатыр.
Әл-Фараби алаңындағы қақпасы осы. Мына жаңажылдық инсталляция өткен жылы қойылып еді.
![Әл-Фараби алаңындағы қақпасы осы. Мына жаңажылдық инсталляция өткен жылы қойылып еді.](/userfiles/upload/medialibrary/6f5/6f5eb275317a86a0966d7fbe5cdf76be.jpg)
Қазір міне фотовидео түсіретін әсем орынға айналыпты.
![Қазір міне фотовидео түсіретін әсем орынға айналыпты.](/userfiles/upload/medialibrary/771/7712105bae9b6ab9aaa3324b576fd72c.jpg)
Шымкент Арбатының дәл жанында Орыс драма театры орналасқан. Көне ғимарат алдына орындықтар қойылған.
![Шымкент Арбатының дәл жанында Орыс драма театры орналасқан. Көне ғимарат алдына орындықтар қойылған.](/userfiles/upload/medialibrary/b31/b318eec8873c8534ec7437d170041cd1.jpg)
Қала тұрғындары көп келетін орын. Мұндағы апа да ерте көктемдегі күн қызуына бетін беріп, театр алдына жайғасыпты.
![Қала тұрғындары көп келетін орын. Мұндағы апа да ерте көктемдегі күн қызуына бетін беріп, театр алдына жайғасыпты.](/userfiles/upload/medialibrary/ca1/ca1ae1f48d0412d51095f7b353465695.jpg)
Арбаттың Әл Фараби алаңы жағындағы қақпасының жанында Shymbike велотұрағы қойылған. Великті жалға алып, Арбат жанынан түскен веложолақпен де қала ішімен де ызғытуға болады.
![Арбаттың Әл Фараби алаңы жағындағы қақпасының жанында Shymbike велотұрағы қойылған. Великті жалға алып, Арбат жанынан түскен веложолақпен де қала ішімен де ызғытуға болады.](/userfiles/upload/medialibrary/ea9/ea92fb66179547437fac445e7e5a4523.jpg)
Шымкент арбаты былтыр 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күніне ашылған. Қала орталығындағы Бейбітшілік көшесінің бір бөлігіне орналасқан Арбаттың ұзындығы 430 метр, ал ені 35 метрді құрайды.
![Шымкент арбаты былтыр 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күніне ашылған. Қала орталығындағы Бейбітшілік көшесінің бір бөлігіне орналасқан Арбаттың ұзындығы 430 метр, ал ені 35 метрді құрайды.](/userfiles/upload/medialibrary/94e/94e60250bcf9b07df1c4baa41610df8b.jpg)
![Шымкент арбаты былтыр 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күніне ашылған. Қала орталығындағы Бейбітшілік көшесінің бір бөлігіне орналасқан Арбаттың ұзындығы 430 метр, ал ені 35 метрді құрайды.](/userfiles/upload/medialibrary/a2d/a2da054b9b338c7fa577501c7a462367.jpg)