Шығыстанушы: Қазақстан – Қытаймен шекаралық мәселені тиімді шеше білген мемлекет

20 Қараша 2022, 23:43
1233
Бөлісу:
Шығыстанушы: Қазақстан – Қытаймен шекаралық мәселені тиімді шеше білген мемлекет

Қазіргі геосаяси жағдайда Қазақстан өзінің сыртқы саясатындағы бағытты өзгертуі керек пе? Әлде 30 жыл бойы ұстанып келе жатқан көпвекторлы саясат өз тиімділігін көрсетіп жатыр ма? Бұл сұраққа Қазақстандық қоғамдық даму институтының эксперті Олжас Бейсенбай  жауап берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Орталық Азияда орналасқан Қазақстанның позициясы бұл тарихи фактор жағынан, географиялық жағынан да, геосаяси тұрғыдан да өте маңызды аймақ деп айтуға болады. Әрине, Қазақстанды халықаралық ойынның ережесін жасаушы не құраушы үлкен державалық мемлекет емес, біз оған қатысушы еліміз. Бірақ халықаралық саясатта өзіміздің орнымыз бар деп айтуға болады, - деді саясаттанушы.

Олжас Бейсенбай қазақ-қытай арасындағы қарым-қатынастың екі елге де тиімді бағытта өрбіп жатқанын айтты. Сондай-ақ Қазақстан сыртқы саясатта халықаралық ұйымдарға мүше болуда нені көздейтінін түсіндірді.

АҚШ-тың белгілі саясаткері Генри Киссинджердің өзі Қытаймен халықаралық қатынасын 50-рет арнайы барып отырып, іссапарлар жасай отырып орнатқаны мәлім. Ал Қазақстан Қытаймен шекаралық мәселені, басқа да келісімдерді орынды шеше білген мемлекет. Қытаймен шекара жағдайын әлі күнге дейін шеше алмай келе жатқан мемлекеттер бар.

Біз Ресеймен бірге бірнеше халықаралық ұйымның арасында одақтас елміз. Жәнеде, Түркі мемлекеттеріне мүшеміз, Ислам конференциясы ұйымында бармыз. Яғни халықаралық ұйымдардан өзімізге тиімді жақтарын, оның ішінде қауіпсіздік жағын, түркілік  идентификация тұрғысынан да өзімізге тиімді етіп отырмыз. Сондықтанда Қазақстанда қазіргі кезге дейін орнаған көпвекторлы стратегиялық бағыты қазіргі  VUCA (өзгергіш) әлемде әлдеқайда ұтымды әрі сенімді деп айтуға болады, - деді ол «Біздің ел – біздің таңдау» онлайн марафон барысында. 

Өзгелердің жаңалығы