Шығыста орманға ағаш егу үш есеге артады

12 Маусым 2023, 08:52
1014
Бөлісу:
Шығыста орманға ағаш егу үш есеге артады
Фото: архив

Шығыс Қазақстан облысында орман алқаптарын ұлғайту үш есе артады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қоғам белсенділері осындай жоспар құрды. Қазір бір жарым мың гектар аумақ үшін сегіз миллионнан астам көшет дайындалды. Жас ағаштар Ресейдің Қазан қаласынан әкелінді. Қоғам белсендісі Александр Чиликин Алтай тауларын көгалдандырумен 17 жыл бойы айналысып келеді. Ол енді мемлекеттік орман қорындағы 400 гектарға қарағай отырғызуды қолға алмақ.

Бұл жерде қайың мен майқарағайлардың өсуі екіталай. Тек шыршаларға қолайлы. Бұл ағашты 17 жыл бұрын отырғыздық, - дейді қоғам белсендісі Александр Чиликин.

Үлбі тау жотасы теңіз деңгейінен 670 метр биіктікте орналасқан. Аумақты ну орман басқан. Десе де, осындай тақыр жерлер көп. Табиғат жанашырларының мұрындық болуымен мұнда қылқанжапырақтылар егіледі.

Көк шырша көшеттері үш мың шақырым қашықтағы Қазан қаласының тұқымбағынан әкелінді. Қазір облыстың 13 орман шаруашылығында төрт милионнан астам жас көшет отырғызылды. Ендігі жоспар – тағы төрт миллион шыршаны күтіп баптау. Бұл былтырмен үш есе көп.

Риддер орман шаруашылығымен 200 гектар жоспарланған жерлерінде 135 гектар жерлерінде жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар орман тұқымбақтарында орман егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 43 гектар биыл жоспарланған, бірақ та, оның қазіргі уақытта бес жарым гектар ғана себілді, - дейді ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бас маманы Сая Әбдірахманова.

Өзгелердің жаңалығы