Шығыста күн суытып, үсік жүреді

27 Мамыр 2024, 15:59
265
Бөлісу:
Шығыста күн суытып, үсік жүреді
Фото: -архив

Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 28-30 мамырға ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кезекті циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның барлық аумағында ауа-райын қалыптастырады, ол өзімен бірге жаңбыр әкеледі, 28 мамырда еліміздің солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады, түнгі уақытта ылғалды қарға айналуы мүмкін. 

Температура бойынша айтарлықтай жоғарылау күтілмейді - 28 мамырда батыста, солтүстікте және орталықта, 29-30 мамырда шығыста түнгі уақытта 3 градусқа дейін үсік күтіледі. 

Еліміздің батысында ғана жоғары қысым өрісі жауын-шашынның тоқтауына және түнде де, күндіз де ауа температурасының біртіндеп жоғарылауына әкеледі.

Өзгелердің жаңалығы