Шығыс Қазақстанның ТЖД далаға шықпауға кеңес берді

14 Шілде 2023, 16:33
506
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанның ТЖД далаға шықпауға кеңес берді
Фото: BAQ.KZ -архив

Бүгін ШҚО-ның оңтүстігінде 41 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі. Сондай-ақ өңірде төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.

Күн қатты ыстық кезде сыртқа шықпауға тырысыңыз. Егер шұғыл жұмыстарыңыз болса, сыртта, көлеңкеде жүргеніңіз абзал. Салқын душ қабылдап, табиғи матадан жасалған жеңіл және кең киім киіңіз, сыртқа шыққанда бас киім мен күннен қорғайтын көзілдірік тағыңыз. Қантты және алкогольді сусындардан аулақ болыңыз, - деп ескертеді құтқарушылар.

Сонымен қатар суға шомылуға барсаңыз, тек рұқсат етілген жерлерде, абаттандырылған жағажайларда болғаныңыз дұрыс және балаларды су айдындарында жалғыз қалдырмаңыз.

Қауіпсіздік және өрттің алдын алу мақсатында азаматтардың орман аймағына баруы шектеледі. Себебі қатты ыстық күндері орманда от жағуға, шөп өртеуге тыйым салынады.

Егер қандай да бір төтенше жағдайға тап болсаңыз, 101 және 112 телефондары бойынша хабарлау қажет.

Өзгелердің жаңалығы