Шығыс Қазақстанда су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде

Марқакөл ауданының Боран ауылында ерте су тасқынына қарсы шаралар жалғасуда.

 ТЖМ 26 Мамыр 2024, 15:35
26 Мамыр 2024, 15:35
903
Фото: ТЖМ

Марқакөл ауданының Боран ауылында ерте су тасқынына қарсы шаралар жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылар қап төсеуде, жергілікті атқарушы органдар арнайы техниканың көмегімен бөгеттерді нығайтуда.

Өткен тәулікте инертті материалдар салынған 300 қап төселіп, ұзындығы 190 метр, биіктігі 1-1,5 м болатын қорғаныс үйіндісі жасалды.
Қара Ертіс өзенінің су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Наверх