Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупіне байланысты жол жабылды

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінінің орын алу қаупіне байланысты жол жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

 BAQ.KZ архив 11 Наурыз 2024, 22:10
11 Наурыз 2024, 22:10
884
Фото: BAQ.KZ архив

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінінің орын алу қаупіне байланысты жол жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

Сағат 20.00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінінің өздігінен түсу қаупіне байланысты "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахман қайнары" а/ж, 6-166 км, Ушанов а.-Алтай қ. дейінгі учаскеде автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Риддерде су тасқынына қарсы дайындық шаралары жүріп жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Наверх