Риддерде су тасқынына қарсы дайындық шаралары жүріп жатыр

11 Наурыз 2024, 19:09
327
Бөлісу:
Риддерде су тасқынына қарсы дайындық шаралары жүріп жатыр
Фото: -архив

Риддердің коммуналдық қызмет өкілдері тасқын қаупіне байланысты жағдайды бақылауда ұстап отыр. Бұл туралы қаланың ішкі саясат бөлімі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір үш шағын ауданда су тасқынына қарсы іс-шара жүргізілуде.

Гавань, ДОСААФ және 3-ші Ботаник тұрғын ауданында жұмыс жүріп жатыр. 6 жұмысшы, 4 техника (екі тиегіш, екі экскаватор) жұмылдырылды. «Водоканал» КМК мамандары су өткізгіш құбырлар мен нөсер кәріздерін тазартып жатыр. Бұл жұмысқа кәсіпорынның 2 техникасы және 6 адам жұмылдырылды, - деп мәлімдеді Риддер қаласының әкімдігі.

Өзгелердің жаңалығы