Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупі бар

4 Қаңтар 2025, 18:34
371
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупі бар

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупіне байланысты тағы да жолда көлік қозғалысына тыйым салынды.

Өңірдегі тасжолдардың біріне қар көшкіні түсуі ықтимал.

Бүгін сағат 15.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 6-166 шақырымында (Ушанов ауылы мен Алтай қаласының аралығы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынады, — деп хабарлады ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Өзгелердің жаңалығы