Шығыс Қазақстанда 23 тонна күкірт қышқылы төгілді

8 Шілде 2023, 22:11
873
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда 23 тонна күкірт қышқылы төгілді

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында күкірт қышқылын тиеп келе жатқан жүк көлігі аударылды, деп хабарлады BAQ.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 7 шілдеде болған.

Күршім ауданы Ақбұлақ және Егіндібұлақ ауылдары арасындағы автожолда күкірт қышқылын тиеген жүк көлігі аударылды. Бұл факт бойынша тергеу басталды. Жиналған материал құқықтық бағалау және тиісті шешім қабылдау үшін экология департаментіне жіберілді, - дейді ведомство.

Көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Өзгелердің жаңалығы