Шығыс Қазақстанның екі ауданында жүзу бассейні салынады

26 Ақпан 2021, 11:58
1982
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанның екі ауданында жүзу бассейні салынады

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл облыста денешынықтыру-сауықтыру кешендерінің саны артып, спорттың басым түрлері бойынша секциялар көбейеді.

Шығыс өңірі спортшыларды дайындаудың өзіндік дағдысын қалыптастырған аймақ екені бесенеден белгілі. Мұның дәлелі – былтырғы жылы облыс спортшыларының түрлі халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстардан екі мыңнан астам медаль алып қайтуы. Атап айтсақ, 2020 жылы аймақтағы спортшылар 771 алтын, 650 күміс және 599 қола медальді қанжығаларына байлаған. 

Өткен жылы облыста алты спорт нысаны пайдалнуға берілді. Атап айтсақ төрт ауданда денешынықтыру-сауықтыру кешендері салынса, Күршім және Үржар аудандарының орталықтарында жүзу бассейндері ел игілігіне берілді, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов. 

Биылғы жылы да осы бағыттағы жұмыстар облыс билігінің назарынан тыс қалмайтын сыңайлы. Атап айтсақ, аудан, қалаларда 13 денешынықтыру-сауықтыру кешендері мен екі спорттық модуль салынатын болады. Бұдан бөлек, балалар мен жасөспірімдердің спортқа тартылуын дамыту мақсатында орта мектептерде спорттың басым түрлері бойынша секциялардың саны артып, нәтижесінде денешынықтыру пәні мұғалімдерінің жалақысына қосымша ақы төлене бастамақ.
 



Өзгелердің жаңалығы