Шығыс Қазақстанда кешеден бері қоқыс полигоны өртенуде

27 Сәуір 2021, 16:34
1214
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда кешеден бері қоқыс полигоны өртенуде
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде ШҚО ТЖД өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары қоқыс полигонындағы өртпен арпалысуда.

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

От 26 сәуірде шамамен сағат 12:00-де басталып бүгінге дейін 800 шаршы метрге дейін жеткен. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері мен жергілікті атқарушы органдардың арнайы техникасы тәулік бойы жұмыс істеуде, барлығы 30 адам мен 9 техника жұмылдырылған, - делінген хабарламада.

Төбе болып үйілген қоқыс пен жел жаңадан өрт ошақтарын тудырып, сөндіруді қиындатуда. Престеліп қалған қоқысты сөндіру үшін өте көп мөлшерде су қажет. 

Болжам бойынша өрт қасақана от қою немесе абайсызда пайдалану себебінен шыққан.

Өзгелердің жаңалығы