Шығыс Қазақстанда карантин шаралары күшейтілді

18 Шілде 2021, 14:13
2955
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда карантин шаралары күшейтілді

Алматы, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» 2021 жылғы 18 шілдедегі № 10 қаулысы шықты.

Қаулығы сәйкес Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2021 жылғы 21 шілдеден бастап
3 тамызға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылатын болды.

Сондай-ақ шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19
коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес
қайта қаралуы мүмкін екені де айтылған.

Қалалар мен аудандардың әкімдері: облыс аумағының периметрі бойынша, сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының және аудандардың периметрі бойынша шектеу шараларының қолданылу шекараларын сақтасын. Өскемен, Семей қалаларында қоғамдық тәртіпті қорғау мен бақылауды 402 шаршыда (Өскемен қаласы – 200, Семей қаласы - 202) 40 учаскелік полиция пунктіне (Өскемен қаласы - 23, Семей қаласы - 17) байланыстыра отырып, жүзеге асырсын,-делінген жаңа қаулыда.

Сонымен қатар 65 жастан асқан адамдарға және халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына бірінші кезекте қажетті тауарларды, азық-түлік пен дәрілік заттарды жеткізумен айналысатын еріктілердің жұмысы жалғасатын болды.

Өзгелердің жаңалығы