Шығын 2 млрд теңге. Бас прокуратура қаржы пирамидасына қатысы бар танымал блогерлердің ісі туралы айты

15 Сәуір 2022, 13:00
2047
Бөлісу:
Шығын 2 млрд теңге. Бас прокуратура қаржы пирамидасына қатысы бар танымал блогерлердің ісі туралы айты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Әсет Шыңдалиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Қаржы пирамидасына қатысты вайнерлерді айтатын болсақ, 169-дан астам жәбірленуші бар. Шығын көлемі 2 млрд теңгені құрайды. Қылмыстық жауапкершілікке 14 адам тартылды. Оның ішінде танымал блогер мен вайнерлер де бар. 6 адам қамауда отыр. Танымал вайнер Мейіржан Төребаев кепілмен бостандықта жүр. Қылмыстық істерде кепілмен шығару жеке қарастырылады. Осыға орай, блогер сот оны кепілмен шығарды. Алайда ол қамауда отырмағаны, қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды деген сөз емес, - деді ол. 

Шыңдалиев атап өткендей, бұл қылмысқа қатысты барлық тұлға жауапкершілікке тартылады. 

Қазір іс аяқталды. Бүгінгі таңда танысу кезеңі жүргізіліп жатыр. Қатысушыларға айып тағылды. Ол аяқталған соң прокурорларға жіберіледіі. Кейін олар сотқа жібереді, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы