Шығыс Қазақстанда банк менеджері 1,6 млн теңге жымқырған

25 Қыркүйек 2019, 12:05
1762
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда банк менеджері 1,6 млн теңге жымқырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде банк менеджері клиенттердің шотынан 1,6 миллион теңге жымқырған, деп хабарлады Алтайньюс.

ШҚО ПД киберқылмысқа қарсы әрекет ету бөлімшесінің қызметкерлері банктің қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып, клиенттер шотынан қомақты қаржы жымқырған менеджердің қылмысын әшкереледі.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында анықталғандай, 27 жастағы менеджер клиенттердің банк карталарының мәліметтер базасына кіріп, өзінің абоненттік нөмірін шоттарға заңсыз тіркеген. Содан кейін «Онлайн банкинг» жүйесін пайдаланып, ақша шешіп алып отырған. Келтірілген шығын сомасы 1,6 миллион теңгеден асып түсті", - делінген таратылған ақпаратта.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.




Өзгелердің жаңалығы