Швейцариялық 53 фирманың 18-і Ресейдегі жұмысын тоқтатты

20 Ақпан 2023, 20:35
1238
Бөлісу:
Швейцариялық 53 фирманың 18-і Ресейдегі жұмысын тоқтатты
Фото: 1prime.ru

Ресей Украинаға әскерін кіргізгелі бері швейцариялық 53 компания мен ұйымдардың 18-і Ресейдегі жұмысын тоқтатты. Тағы 14-і жұмысын уақытша тоқтатқан, дегенмен қайтып келетіндерін де жоққа шығармайды. Бұл деректерді Йельс менеджмент мектебінің профессоры Джеффри Зонненфельд келтірген, деп хабарлайды BAQ.KZ Tages-Anzeiger сайтына сілтеме жасай отырып. 

Ресейден түбегейлі кеткендер арасында - Sulzer гидротехникасына арналған құрылғыларды шығаратын ABB өндірістік компаниясы, құрылыс материалдарын шығаратын Holcim компаниясы, Zurich Insurance Group сақтандыру компаниясы, Vitol нефтетрейдер, шоколад өндіретін Lindt & Sprungli компаниясы, компьютер жабдықтарын шығаратын Logitech компаниясы бар. Ал қызметін уақытша тоқтатып, қайтып келуі мүмкін деген компаниялар арасында - сағат шығаратумен айналысатын ірі компаниялар Swatch Group, Richemont және Role, Glencore шикізат шығаратын компания мен Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) бар.

Ресейде жұмысын жалғастырып жатқан компаниялар:

  • төрт компания бизнесін толықтай сақтап қалды — полимер өндіруші Ems-Chemie компаниясы, производитель құрылыс техникасын шығаратын Liebherr компаниясы, ағаш өңдеумен айналысатын  Swiss Krono кәсіпорны, тұтыну тауарларын өндіретін Zepter фирмасы;
  • тоғыз компания өз бизнесін айтарлықтай қысқартуға мәжбүр болды, олардың арасында — UBS, Credit Suisse, Julius Bar банктері, Kuhne+Nagel логистикалық компаниясы, Sika құрылыс материалдарын шығарушы, Georg Fischer өндірістік кәсіпорны.
  • сегіз компания сатылымының бір бөлігін уақытша тоқтатқан немесе ресейлік бизнеске инвестиция салуды тоқтатқан , оның арасында — Roche және Novartis фармацевтикалық компаниясы, Nestle азық-түлік өнімдерін шығарушы, Barry Callebaut шоколад жасап шығарушы.

Еске салсақ, 2022 жылдың 24 ақпанында Ресей өз әскерін Украинаға кіргізгелі бері Батыс елдерінің басқа да кәсіпорындары тәрізді швейцариялық компаниялар да ресей нарығынан жаппай кете бестады, ал кейбіреулері компания санын қысқартты. Швейцария өз тарапынан Ресейге қарсы санкциялардың бірнеше пакетін енгізді. 

Өзгелердің жаңалығы