Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шуда 39 отбасыға жаңа пәтер берілді

9 Маусым 2025, 01:46
610
Бөлісу:
 Жамбыл облысы әкімдігі
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Жамбыл облысындағы Шу қаласында 39 отбасы баспаналы болды,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аудан басшысы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – күн тәртібіндегі маңызды мәселе екенін атап, бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

Бұл жолы баспанаға халықтың әлеуметтік осал санатына жататын азаматтар ие болды. Қуанышқа кенелген тұрғындар мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға алғыстарын білдіріп, бұл күнді отбасылары үшін тарихи әрі жарқын сәт деп бағалады.

8 жыл бойы кезекте тұрдық. Арманымыз орындалды. Балаларым енді өз үйімізде қуанышпен өмір сүре алады, – деді жаңа қоныс иесі Айгерім Жайлыбекқызы.

Айта кетейік, бүгінде Шу ауданында 1900 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Өткен жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында әлеуметтік аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы отбасыларға 50-ден астам баспана салынып, кілттері иелеріне табысталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы