Шу қаласында өрттен екі кішкентай бала көз жұмды

3 Желтоқсан 2022, 14:39
1381
Бөлісу:
Шу қаласында өрттен екі кішкентай бала көз жұмды

Түнде Жамбыл облысы Шу қаласында өрт болып, екі кішкентай бала көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға желтоқсанның 2-нен 3-не қараған түні болған.

Шу қаласындағы жеке үйлердің бірінен өрт шыққан. Жергілікті департамент тілсіз жау жалпы ауданы 30 шаршы метрді аумақты шарпығанын айтты. Үй заттары мен барлық жиһаздар отқа оранған.

Өрт сағат 00:10-да оқшауланып, сағат 00:35-те «СПиАСР» мемлекеттік мекемесінің күшімен жойылды. Оны сөндіруге 4 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды, - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Тілсіз жау ауыздықталғаннан кейін оқиға орнынан 5 және 2 жастағы екі баланың мәйіті табылды.

Өзгелердің жаңалығы