ШҚУ студенттері Президентпен бірге

10 Қаңтар 2022, 13:50
1736
Бөлісу:
ШҚУ студенттері Президентпен бірге

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері Қазақстан Президентінің тағдыршешті шешімін қолдады. 

Олар мемлекет басшысының батыл саяси шешімі мен халықтың бірлігі ғана елдегі қиындықтарды жеңіп, еңсеруге көмектеседі деп санайды. Бұл туралы  Amanzholov University баспасөз қызметі хабарлайды.

Біздің ел - көпұлтты мемлекет, біз бірлігі жарасқан бір ел болдық және солай бола бермек. Бұл қиын уақытты да біз бірге еңсереміз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевты толық қолдаймыз. Ең бастысы - сабырлық сақтау, - дейді  2 курс студенті Ольга Веревкина.

Моңғолиядан келген Amanzholov University 1 курс магистранты Қаразим Нұрмағамбет қазіргі уақытта Студенттер үйінде тұратын шетелдік білім алушылар Қазақстан жастарын арандатушылыққа бой алдырмауға, сондай-ақ елдің бірлігі мен тәуелсіздігін сақтауға шақыратынын атап өтті.

Айта кету керек, бүгінгі таңда қысқы демалыс кезінде отбасы жағдайына байланысты жатақханаларда тұратын студенттер бір-бірін моральдық тұрғыда қолдауда.

Көпшілігіміз "интернетсіз өмір" дегеннің не екенін ұмытып кеттік, бірақ бұл қиын емес екенін түсіндік. Бірлігіміз арта түсті. Біз жатаханада жаңалықтар қараймыз, кітаптар оқимыз, ойындар ойлап табамыз, өзара сөйлесеміз. Әрине, бәріміз алаңдаулымыз. Қазақстан халқы – біртұтас. Бәріміз бір-біріміз үшін бауырлармыз, - деді Қаразим Нұрмағамбет.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Төлеген Шығыс Қазақстан облысы бойынша "Халифа Алтай" мешітінің бас имамы Ермек Мұқатаймен бірге Қазақстан үшін қиын-қыстау күндерде тыныштық сақтағаны үшін студенттерге алғыс білдірді.

Біз үшін ең бастысы – тыныштық пен шыдамдылық. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазақстандықтар үшін жасаған істері үшін алғысымызды білдіреміз. Жоғары жауапкершілік пен мәдениетті танытқан студенттерімізге ерекше алғысымызды білдіреміз. Біздің жастар ғылыммен айналысады, сапалы білім алады. Олар әрқашан жоғары мәдениет танытып, тек ақылға бой алдырады, – деп атап өтті Мұхтар Төлеген.

Студенттер үшін Шығыс Қазақстан облысының бас имамы және ЖОО ректорының ұйымдастыруымен азық-түлік таратып, кішігірім дастархан жайылды.

Қазір жастарға моральдық қолдау көрсету аса маңызды. Осы мақсатта біз Аманжолов университетіндегі достарымызға келдік. Студенттер - біздің болашағымыз. Елбасымыздың бағытын қолдап, сабырлылық танытқаныңыз үшін оларға үлкен рахмет, - дейді Шығыс Қазақстан облысы бойынша" Халифа Алтай" мешітінің бас имамы Ермек Мұқатай.

Кездесу соңында студенттер шағын, бірақ жылы мереке үшін алғыстарын білдірді. Жастардың айтуынша, шара олар үшін маңызды болды.

Өзгелердің жаңалығы