ШҚО полицейлері орманда адасып кеткен әжені іздеп тапты

4 Қыркүйек 2023, 13:55
1807
Бөлісу:
ШҚО полицейлері орманда адасып кеткен әжені іздеп тапты
Фото: polisia.kz

ШҚО полицейлері орман алқабында адасып кеткен әжені іздеп тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

83 жастағы ауыл тұрғыны саңырауқұлақ теріп жүріп, адасып кеткен. 2 қыркүйек күні кешке Самар аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 83 жастағы әжесін іздеуге көмек сұраған қыз бала жүгінген. Арызданушының айтуынша, олар туыстарымен бірге саңырауқұлақ теру үшін орманға барған, бірақ бір сәтте әйел адамды көзден таса еткен. 

Өздері бірнеше сағат бойы әжені іздеген, бірақ одан еш нәтиже болмандықтан, туыстары шұғыл түрде полицияға хабарласуға шешім қабылдаған. Тәртіп сақшылары іс-қимыл жоспарын құрып, орман алқабын қарауға кірісті. 

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жедел әрекеттері арқасында бір сағат ішінде егде жастағы әйел адам аман-есен табылды. Немересі әжесін іздеп, тауып берген полицейлерге шын жүректен алғыс білдірді.

Өзгелердің жаңалығы