ШҚО-да жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті

4 Сәуір 2022, 10:10
1587
Бөлісу:
ШҚО-да жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы "ҰК"АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылғы 3 сәуір күні 12 сағат 04 минутта Шығыс Қазақстан облысының Өскемен – Күмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті. Пойыз сағатына 37 км жылдамдықпен жүрген. Руда тиелген екі вагон - Ресей Федерациясының меншігі. Шлак тиелген тағы 16 вагон «КазцинкТемірТранс» ЖШС-не тиесілі, – деп жазылған ресми ақпаратта.

Ұлттық компания өкілдерінің айтуынша, оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жолаушы және жүк пойыздарының кідірісі болған жоқ. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Болған жағдайдың себеп-салдарын тексеріп, анықтау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшыларынан комиссия құрылды, – деп жазады компанияның баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы