ШҚО-да жоғалған жылқылар Алматы маңынан табылды

23 Мамыр 2023, 21:30
729
Бөлісу:
ШҚО-да жоғалған жылқылар Алматы маңынан табылды

Ішкі істер министрлігі 3 мыңнан астам полиция қызметкерін, 200-ден астам ауыл шаруашылығы және ветеринариялық бақылау басқармаларының мамандарын тарта отырып, «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төрт күнде мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 11 695 автокөлік, 4 226 сатып алу және өткізу орны, 8 708 шаруа қожалығы мен мал жайылымы тексерілді. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Нәтижеде 22 мал ұрлығы және бұрын жасалған 115 қылмыстың беті ашылды.

Осы қылмыстарды жасаған 136 адам ұсталды, оның ішінде 19 ұйымдасқан топ бар. 589 бас мал табылып, заңды иелеріне қайтарылды, - деп мәлімдеді ІІМ криминалдық полиция департаменті.

Сондай-ақ полиция өкілдері кеше Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында екі рет мал ұрлығын жасаған күдікті ұсталғанын хабарлады. Ұрланған 22 жылқы Алматы облысының Ұзынағаш ауданынан табылып, тәркіленді.

Өзгелердің жаңалығы