ШҚО-да жаңа туған нәрестелерді перзентханадан ұлттық киіммен шығарып жатыр

20 Наурыз 2022, 13:46
2548
Бөлісу:
ШҚО-да  жаңа туған нәрестелерді перзентханадан ұлттық киіммен шығарып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Наурыз қарсаңында Шығыс Қазақстан облысында жаңа туған нәрестелерді ұлттық киіммен шығарып жатыр.

Бірнеше жылдан бері аудандық ауруханаларда ерекше дәстүр жалғасып келе жатыр. Наурыз қарсаңында жаңа туған нәрестелер ұлттық киіммен шығарылады.

Мысалы, Аягөз ауданаралық ауруханасының перинаталдық бөлімінде мерекелік киім киіп алғашқы 10 сәби үйлеріне қайтты.

Жақында туған сәбилермен бірге біз айдың басында туылған егіздерді де шығардық. Салмақтары  аз демесек-1 200 грамм және 1 300 грамм егіздердің дені сау. Жақсы күтімнің арқасында балалар салмақ қосты, біз неонатологиялық көмектің толық көлемін көрсеттік, ол үшін аудандық аурухананың әлеуеті жеткілікті, — деді Аягөз ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Шалқар Омаров.

Наурыз қарсаңында Тарбағатай аудандық №2 ауруханасында да мерекелік көңіл-күй қалыптастыру туралы шешім қабылданды.

ШҚО-да  жаңа туған нәрестелерді перзентханадан ұлттық киіммен шығарып жатыр

Ақжар ауылының тұрғыны Ақмарал Закариянова жақында төртінші баласын дүниеге әкелген.

Бұл өте жақсы күндер. Наурыз - табиғаттың жаңаруының ұлы мерекесі. Ауруханадан шыққан кезде дәрігерлердің ұлттық киіммен келгені, балаларымызға ұлттық нақыштағы киім сыйлағаны қуаныш сыйлаған күтпеген тосынсый болды, - дейді Ақмарал.

Медициналық ұйым мереке күндері босанған әйелдердің барлығын осындай сән-салтанатымен шығарып  салуды жоспарлап отыр, деп хабарлады ШҚО ДСБ баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы