ШҚО-да Тәуелсіздік күні 50 сәби дүниеге келген

17 Желтоқсан 2021, 19:53
3282
Бөлісу:
ШҚО-да Тәуелсіздік күні 50 сәби дүниеге келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында Тәуелсіздік күнінде 50 сәби дүниеге келді. Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми хабарламада, Тәуелсіздік күнінде дүниеге келген сәбилердің басым бөлігі – қыздар.

Желтоқсанның 16-сы күні нәрестелер Өскемен, Семей шаһарларындағы перинаталды орталықтарда, Аягөз, Зайсан, Алтай қалалық және Көкпекті, Бородулиха аудандық ауруханаларында өмірге келді.

Үлкен отбасымызда бұл күн енді ерекше тойланататын болады. Себебі кішкентайымыз дәл осы қастерлі мерекеде дүниеге келіп отыр. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын!, - деді аналардың бірі.

Айта кету керек, облыста жыл сайын перинаталды сала дами түсіп, сәбилер мен аналарға арналған жағдайлар жақсарып келеді.

Бұл өз кезегінде туу көрсеткіштеріне де оң әсер етті. Осы жылдың басынан бері аймақ бойынша 22 000-нан астам сәби туған.

Өзгелердің жаңалығы