ШҚО-да ревакцинациядан өткендер саны 500 мыңнан асты

18 Наурыз 2022, 22:03
1541
Бөлісу:
ШҚО-да ревакцинациядан өткендер саны 500 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында ревакцинациядан өткендер саны 500 мыңнан асты, деп хабарлайды ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.

Өңірде COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда. 

Аймақ бойынша аталған екпенің екінші компонентін 101 407 адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 91 222 бала бар. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 2267 жүкті және 7918 бала емізетін әйел екпе алды, - делінген ақпаратта. 

Бұдан бөлек, облыста 50 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтуде. Қазір осы санаттағы 28 393 адам үшінші рет вакцина алып отыр. 

Соңғы мәліметтерге сәйкес, жалпы Шығыс Қазақстанда 504 627 адам коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өткен.

 

Өзгелердің жаңалығы