ШҚО-да қою тұман салдарынан ер адам адасып кетті

Құтқарушылар адасып кеткен азаматты тауып, қауіпсіз жерге жеткізді.

 ©BAQ.KZ архив 7 Қараша 2026, 16:19
7 Қараша 2026, 16:19
140
Фото: ©BAQ.KZ архив

Өткен түні Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы Шілікті ауылына қарасты «Қос өткел» учаскесінде 1963 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары жүргізілді.

Ер адам үйінен атпен шығып, малын тексеруге кеткен. Алайда қайта оралмаған. Қою тұман салдарынан бағытынан жаңылып, өздігінен кері жолды таба алмаған.

Бүгін таңертең Төтенше жағдайлар департаменті, полиция және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінен құралған іздеу тобы ер адамды «Қос өткел» учаскесінен 20 шақырым жерден тапты.

Ер адам зардап шеккен жоқ және медициналық көмекті қажет етпеді, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Наверх