ШҚО-да оқушылар үшін IT лагерь мен бизнес-лагерь жұмыс жасайды

31 Мамыр 2022, 21:05
1722
Бөлісу:
ШҚО-да оқушылар үшін IT лагерь мен бизнес-лагерь жұмыс жасайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқушылар мектепті аяқтап, көптен күткен жазғы демалысқа шықты. Биыл өңірде 99,9 пайыз балаларды жазғы демалыспен қамту жоспарланып отыр, деп хабарлады Алтайньюс.

Балалардың жазғы маусымдағы демалысы мен қауіпсіздік ережелері туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ШҚО білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова айтты.

Биыл облыс бойынша 995 лагерь жұмыс істейді. Оның ішінде, 35-і қала сыртындағы, 475-і мектеп жанындағы және 485-і мектеп жанындағы бейінді алаңдар ашылады.

Біз биыл қосымша тағы 5 лагерь қосып отырмыз. Толығырақ тоқталып кетсек, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша өңірде IT бағдарламалар өте жақсы жұмыс жасап келеді. Осыған орай IT лагерь, тілдік лагерь мен бизнес-лагерь жұмыс жасайды. Олар Өскемен, Семей және Риддер қалаларында ұйымдастырылатын болады, - деді Сайрангүл Жұмаділова.

Осы күні арнайы кестеге сәйкес лагерьлерді қабылдау басталған. ТЖ, денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет басқармалары бірігіп лагерьлердің жұмысын қарап, жұмыс істеуге жарамды-жарамсызы анықталады.

Өзгелердің жаңалығы