ШҚО-да есірткі таратып жүрген адам ұсталды

31 Желтоқсан 2023, 07:50
505
Бөлісу:
ШҚО-да есірткі таратып жүрген адам ұсталды
Фото: архив

ШҚО-да есірткі таратып жүрген адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Есірткі заттарын таратқан қойып кетуші жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұсталды. 32 жастағы ер адамның Алматы облысының тұрғыны екені анықталды.

Тінту барысында одан ұнтақ және түйіршік түріндегі заты бар 7 полимерлі пакет тәркіленді, олар сараптама қорытындысына сәйкес "мефедрон" - 358,17 грамм және "альфа-pvp" - 179,77 грамм психотроптық заттары.

Сонымен қатар, ұсталған адамнан қаптамаға арналған құрылғылар: электрондық таразылар, пакеттер және т.б. тәркіленді.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы