ШҚО-да ең ірі тау шаңғысы базасы салынады

19 Наурыз 2023, 08:21
655
Бөлісу:
ШҚО-да ең ірі тау шаңғысы базасы салынады
Фото: baq.kz

«Анатау» деп аталатын жаңа курорт таяу жылдары Риддер қаласында салынады. Бұл Орталық Азиядағы ең ірі тау шаңғысы базасы болмақ,  деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-қа сілтеме жасап.

Курорттың инфрақұрылымын құруға бюджет қаражаты жұмсалады. Ал мейрамханалар, демалыс базалары, қонақ үйлер және ойын-сауық нысандары жеке инвестицияларды тарту есебінен салынады – деді Риддер әкімі Дмитрий Горьковой.

Оның айтуынша, жаңа тау шаңғысы курортының жобасын әзірлеу алдағы айларда басталады.

Біз дәл осындай нысандарды жобалауға маманданған дизайнерлерді таптық. Олар Алматыдан сәуір айында келеді. Сол кезде барлық мәліметтерді талқылаймыз. Жобаны іске асса, Орталық Азиядағы ең ірі тау шаңғысы курорты біздің өңірімізде болады. Бұл облысқа қосымша инвестиция тартудың тамаша жолы. Сондай-ақ туризм тұрғысында еліміз таяу және алыс шетелдерге тартымды бола түседі, - деді қала әкімі.

Өзгелердің жаңалығы