ШҚО-да екі жылда 328 көше атауы өзгертілген

25 Маусым 2022, 05:25
1562
Бөлісу:
ШҚО-да екі жылда 328 көше атауы өзгертілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ономастика саласы – әлеуметтік желілерде, қоғам арасында көп талқыланып жүрген  тақырыптардың бірі. Бүгінгі күні облыста аталмыш сала бойыша бірқатар ауқымды жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды altaynews.kz.

Бұл туралы өңірлік-коммуникациялар орталығында өткен баспасөз конференциясында ШҚО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Төлемісова Роза Әшімханқызы айтып берді.

Айта кету керек, соңғы 2 жылда облыс бойыша ономастика комиссиясының 8 отырысы өтіп, 328 көше атауы өзгертілген. Ал биылғы жылы 150 идеологиялық тұрғыдан ескірген көшені өзгерту жоспарланған.

Облыста 1706 әкімшілік-аумақтық бірлік, 7793 көше, 655 мектеп бар. Осылардың атауларын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 51 идеологиялық тұрғыда ескірген көше атаулары заңдастырылып, ұлттық танымға жақын, тарихи-дәстүрлі атаулар берілді, - дейді Роза Әшімханқызы.

Сондай-ақ көше, ауыл, мектеп атауларын өзгерту кезіндегі жұмыстар барысын халыққа түсіндіру үшін де семинарлар мен кеңестер де өткізілген. Себебі халықтың басым көпішілігі көше атауын өзгерту тәртібін түсінбей, қаражат мәселесіне әкеп тіреп жататын көрінеді.

Түсіндіріп өтейін, егер тұрғылықты көше атауыңыз өзгерген жағдайда тұрғындар қалтасынан үйдің құжаттарын ауыстыру бойынша ешқандай қаржы шықпайды. Қазір «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық бағдарламасы бар. Одан көше атауы өзгергенннен кейін қажет болғанд жағдайда ХҚО-ға барсаңыз  автоматтық түрде «Мекенжай анықтамасын» шығарып береді. Жергілікті әкімшіліктен көшедегі тақтайшаларды ауыстыру үшін бөлінеді, - деп түсіндірді ШҚО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы