ШҚО-да екі жыл бойы жазадан жалтарған ұры ұсталды

23 Мамыр 2022, 20:44
956
Бөлісу:
ШҚО-да екі жыл бойы жазадан жалтарған ұры ұсталды
Фото: altaynews.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері семейлік сақшылармен бірлесіп 29 жылқы ұрлаған қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Алтайньюс.

Ол қала шетіндегі шаруа қожалықтарының біріне тиесілі 29 бас жылқыны өрістен айдап әкеткен. Жәбірленушіге 8 100 000 теңге шығын келтірді. 58 жастағы тұрғын екі жыл бойы жазадан жалтарып келді. 

Ақыры құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ұтымды әрекетінің арқасында қолға түсті. Қазіргі уақытша ұстау изоляторында, – деп мәлімдеді криминалдық полиция басқармасының бастығы Қайрат Әбдіғалиев.
 

Өзгелердің жаңалығы