ШҚО-да бірқатар мектеп қашықтан оқытуға көшті

7 Ақпан 2024, 10:39
1337
Бөлісу:
ШҚО-да бірқатар мектеп қашықтан оқытуға көшті
Фото: BAQ.KZ -архив

Шығыс Қазақстан облысында бірқатар білім мекемесі бүгін қашықтықтан оқыту форматына ауысты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Күршім ауданында ауа температурасы -7 мен -32 градустың аралығында. Алайда жел екпіні қатты. Сондықтан Ұранхай ауылындағы мектептің 0-9 сынып оқушылары, Төсқайың, Шанағаты, Қаратоғай мектептерінің 0-4 сынып оқушылары онлайн оқиды, - деп жазды Altainews.kz.

Алтай ауданы сынып бағанасы -28 және -30 градусқа дейін төмендеген. Мұнда бастауыш сынып оқушылары екі ауысымда да мектепке бармайды.

М. Бикетов атындағы мектептің 0-9 сынып оқушылары да қашықтықтан оқытылады.

Өзгелердің жаңалығы