ШҚО-да айыппұлдан жалтарғандар жазаланады

15 Мамыр 2023, 18:31
777
Бөлісу:
ШҚО-да айыппұлдан жалтарғандар жазаланады
Фото: BAQ.KZ

Облыс аумағында үш күн бойы, яғни 15-17 мамыр аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Борышкер» жедел-профилактикалық шарасының негізгі мақсаты облыс көлемінде анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша салынған әкімшілік айыппұлды өндіру жұмысын жандандыру болып табылады. Бұл туралы Altaynews жазды.

Аталған іс-шара шеңберінде полиция бөлімшелері іс жүргізу органдарымен бірлесіп борышкерлерді анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды жүзеге асыратын болады, - дейді Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы