ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 129 сәби дүниеге келді

13 Қазан 2023, 08:11
582
Бөлісу:
ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 129 сәби дүниеге келді
Фото: baq.kz

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 129 сәби дүниеге келді. Жалпы облыс бойынша ағымдағы жылы 239 квота бөлінген. Қазір 88 әйел жүктілікпен диспансерлік есепте тұр. Айта кету керек, аталмыш бағдарлама аясында процедуралар МӘМС аясында қаржыландырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясындағы емшара терапиялық жолмен емдеу нәтиже бермейтін бедеулік диагнозы қойылған пациенттерге арналған. Оған қазақстандық отбасылық жұптар қатысады. Олар қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттары белгілеген репродуктивті жас – 18-ден 42 жасқа дейінгі медициналық параметрлерге сәйкес келуі қажет. Талпынысы сәтсіз аяқталған жағдайда қайтадан кезекке тұра алады.

Қазір елімізде 19 клиника (1 мемлекеттік және 18 жекеменшік) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жұмыс істейді. Бұл процедура МӘМС аясында тегін жасалады. Соған сай, квота алғысы келетін пациенттің мәртебесі сақтандырылған болуы тиіс. 2021 жылдан бері жыл сайын 7 мың ЭКО процедура МӘМС есебінен қаржыландырылады. ҚР ДСМ мәліметі бойынша, «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері 5000 нәресте дүниеге келген, - дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы