ШҚО-да «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық конференция өтті

11 Қыркүйек 2022, 06:33
1208
Бөлісу:
ШҚО-да «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық конференция өтті

Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығында тарих пен археологияға арналған «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Оған Қазақстан мен шетелдің жетекші археологтары қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біз әлемдік пандемияға байланысты екі жылдық үзілістен кейін «Алтай -түркі әлемінің алтын бесігі» конференциясын ашып отырмыз, онда ШҚО-ның бірегей ескерткіштерін зерттеу жөніндегі кешенді қызмет нәтижелері ұсынылатын болады. Біздің өңір еліміздің рухани-мәдени орталықтарының бірі болып саналады. Баға жетпес, тарихи, мәдени, табиғи мұраның әлеуетін зерттеу және сақтау – біздің патриоттық борышымыз екені сөзсіз, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов іс-шара барысында.

Конференцияға қатысушыларға «Ұлы дала алтыны» көрмесі ұсынылды. Жәдігерлердің ішінде бірнеше жыл қатарынан Шығыс Қазақстанда қазба жұмыстарын жүргізіп келе жатқан белгілі археологтар З.Самашев пен А. Төлеубаевтың бірегей олжалары бар. Көрмеге 6 тарихи реконструкция қойылды.

Конференция қонақтарының арасында философия докторы, Кембридждегі Фицуильям мұражайы директорының орынбасары Нил Спенсер болды. Ол әлемдік тарих ғылымына үлес қосып жүрген өңірдегі археологтардың жұмысының маңыздылығын атап өтіп, жақында Кембриджде өткен «Ұлы дала алтыны» көрмесіне таңданысын білдірді. Онда Шығыс Қазақстандағы қазба жұмыстары кезінде табылған артефактілер ұсынылған еді.

Өзгелердің жаңалығы