ШҚО-да алаяқ программист сотталды

21 Наурыз 2022, 18:23
1822
Бөлісу:
ШҚО-да алаяқ программист сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО бойынша ҚАЖД Тарбағатай аудандық №2 пробация қызметі есебінде тұрған А есімді азамат Семей қаласының №2 сотының 2020 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 190 бабының 3-бөлігі 4-тармағымен алаяқтық жасағаны үшін, кінәлі деп танылып, 3 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығына шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген, деп хабарлады пробация қызметі.

Азамат пробациялық бақылауда тұрған уақытында, өзі меңгерген (программист) мамандығын жетік меңгергенін қолдана отырып, өз мекен-жайында бола тұра интернет желісі арқылы өз жұмыс берушісі жеке кәсіпкерге көмектескен сыңай танытып ақшалай қаражаттарын әр түрлі жолдармен өз пайдасына асыру арқылы алаяқтық жолмен қылмыстық іс әрекеттерге барған. 

Осыған орай ағымдағы жылдың ақпан айының басында,Тарбағатай аудандық №2 пробация қызметінің сотқа жолдаған ұсынымы сот отырысында қанағаттандырылып алаяқтығы үшін екі жылдан астам мерзімге темір торға тоғытылды.

 

Өзгелердің жаңалығы