ШҚО-да әкімдіктер жоспарлаған 90 млн теңгенің заңсыздықтарына тосқауыл қойылды

5 ауылдық округтің әкімдіктері 2026 жылға арналған сатып алу жоспарларына 44 млн теңге сомасына балалар және спорт алаңдарын абаттандыру жобаларын енгізген.

Кеше 2026, 15:05
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Нұрасыл Ержанов Кеше 2026, 15:05
Кеше 2026, 15:05
329
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Нұрасыл Ержанов

ШҚО прокурорлары 90 млн теңгенің заңсыз мемлекеттік сатып алуын тоқтатты.

Ұлан ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында жергілікті атқарушы органдардың қызметінен заң бұзушылықтарды анықтады.

Анықталғандай, 5 ауылдық округтің әкімдіктері 2026 жылға арналған сатып алу жоспарларына 44 млн теңге сомасына балалар және спорт алаңдарын абаттандыру жобаларын енгізген. Мұнда мәлімделген жұмыстар «ағымдағы жөндеу» ретінде көрсетілген.

Сметалық құжаттаманы зерделеу барысында іс жүзінде жаңа құрылыс жоспарланғаны белгілі болды: негіздерді дайындау, бетон төсемдерін төсеу және жаңа ойын кешендерін монтаждау. Заңға сәйкес, мұндай жұмыстар үшін міндетті түрде жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) болуы және мемлекеттік сараптамадан өтуі тиіс, алайда бұл талаптар орындалмаған. Басқа жағдайда лоттарды жасанды түрде бөлшектеу дерегі анықталды. Әкімдік шекті мәннен аспау үшін тапсырыстарды бөліктерге бөлген, бұл өнім берушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік берген. Негізсіз бөлінген лоттардың жалпы сомасы 45,1 млн теңгені құрады. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша, құжаттама заңға сәйкес келтірілгенге дейін бұл жобалардың барлығы сатып алу жоспарларынан алынды. Прокуратура шараларының нәтижесінде барлығы 90 млн теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алды алынды, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы.

Прокуратурадан хабарлағандай, бюджет қаражатын қорғау және мемлекеттік сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жалғасуда.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысында балабақша қызметкерлерінің құпия деректері желіге тарап кеткені хабарланды

Тағы оқи отырыңыздар: 

Пайдаланылмаған егістік мемлекетке өтті: Қайтарылған жер кімге беріледі?

ШҚО-да 2 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

"Жұмыс қарқыны өте баяу": Алматы әуежайы мен вокзалының басшылығы сынға қалды

 

 

Наверх