ШҚО-да 69 жастағы зейнеткерге алғаш рет жеке куәлік берілді

4 Қыркүйек 2026, 15:45
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 4 Қыркүйек 2026, 15:45
4 Қыркүйек 2026, 15:45
125
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

ШҚО тұрғыны 69 жасында алғаш рет Қазақстан азаматының жеке куәлігін иеленді. 

Шығыс Қазақстан облысында 69 жастағы Татьяна Владимировна Ригер өмірінде алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды. Ол ұзақ уақыт бойы қазіргі үлгідегі жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген. Бұған дейін әйел 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын пайдаланған, алайда кейіннен оны жоғалтып алған, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі. 

polisia.kz

Өмірлік жағдайларға байланысты Татьяна Владимировна ұзақ уақыт бойы құжаттарын қайта рәсімдеуге мүмкіндік таппаған.

Жуырда ол Риддер қаласының көші-қон қызметіне жүгінді. Қызметкерлер оған қажетті құжаттарды жинауға көмектесіп, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп, құзырлы мемлекеттік органдарға сұрау салулар жолдады. Барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін, тамыз айының соңында Татьяна Владимировна Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алғаш рет алды. Енді ол өз құқықтарын толыққанды пайдаланып, мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді еш кедергісіз ала алады, - делінген хабарламада. 

Еске салайық, биыл 1,5 миллионнан астам қазақстандық паспорт пен жеке куәлік алды

Тағы оқи отырыңыз: 

Енді Қазақстан азаматтары Арменияға жеке куәлікпен бара алады

Жеке куәлікті енді әп-сәтте ауыстыруға болады

ШҚО-да қос азаматтығы бар 35 тұрғын жауапқа тартылды

Наверх